Достық үйіндегі дөңгелек үстел

Достық үйіндегі дөңгелек үстел

        2022 жылғы 17 маусымда Қостанай облысы әкімдігінің жобалық кеңсесінің менеджерлері «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» бағыты бойынша Достық Үйінде этномәдени және діни бірлестіктердің, сарапшылар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

       Кездесуге қатысушылар еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, мемлекеттік аппаратты бюрократизациялау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мәселелерін талқылады.

       Спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті одан әрі дамыту және жетілдіру туралы өз ойларымен бөлісті. Азаматтық қоғамды дамытуға, оның мемлекеттік аппаратпен өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды.