Экстремизмнің профилактикасы: жергілікті жерлерде түсіндіру жұмыстары қалай жүргізіледі

Экстремизмнің профилактикасы: жергілікті жерлерде түсіндіру жұмыстары қалай жүргізіледі

        Экстремизмнің профилактикасы: жергілікті жерлерде түсіндіру жұмыстары қалай жүргізіледі

 

        Қостанайда «Асаба» қырғыз этномәдени бірлестігінің басшысы Эркинбек Алипсатаровтың қатысуымен діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы бойынша кездесу өтті.

           

        Экстремизмнің профилактикасы мәселесінде online-ағартумен қатар дәстүрлі әдістер де маңызды. Сарапшылардың айтуынша, мұндай кездесулер жиі өтеді. Жергілікті жерлерде деструктивті діни ағымдардың зияны туралы жоғары оқу орындары мен колледждерде, әскери бөлімдерде, сауда-ойын-сауық орталықтарында, базарларда және осындай бұқаралық мекемелер мен орындарда өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық санатымен кездесулер өткізу дінтанушылардың мүддесінде. Мәселен, 24 мамырда Қостанайда қырғыз диаспорасының ақсақалдары мен өкілдерінің қатысуымен қазақстан қоғамының құндылықтарын сіңіруге және қоғамдық келісімді, толеранттылық пен гуманизмді, рухани адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

  • Бүгінде діни экстремизм мен терроризм тақырыбы қоғам үшін өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Егер Кеңес заманында дін мемлекеттің қатаң бақылауында болса, бүгінде әрбір азамат осы немесе басқа дінді еркін қолдана алады. Бостандық өзін-өзі сезінуге мүмкіндік берді, Батыс пен Шығыстың әртүрлі секталары үлкен ағынмен ағылды, адамдар бұл секталарға мақсаттарын да, міндеттерін де білмей кіреді, - дейді қырғыз диаспорасының жетекшісі Еркінбек Алипсатаров.

        Диалог алаңында дін саласындағы уәкілетті органның мамандары мемлекеттік саясаттың қағидаларын, рухани-адамгершілік құндылықтарды, Қазақстан халқының ұлттық салт-дәстүрлеріне тән қоғамдық келісімді, толеранттылық пен гуманизмді нығайту, этносаралық және этноұлттық қақтығыстар мен келіспеушіліктерге жол бермеу, ҚР заңнамалық актілерін сақтау қажеттілігі, діни экстремизмнің қауіптілігі және адамдарды радикалды ағымдарға тарту әдістері, сондай-ақ, іс-шараға қатысушыларды қазақстан халқының бірлігін насихаттауға, құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзімділік» сезіміне шақырды.

        Сондай-ақ, кездесуге қатысушыларға интернетте және әлеуметтік желілерде діни білім алудың, радикалды материалдарды орналастырудың, тыйым салынған интернет-ресурстарға кірудің қауіптілігі туралы ақпарат берілді. Қосымша Д.Верхотуровтың «Джамаат Таблиги: самая закрытая секта в мире» кітабындағы тезистер, бұл сектаның мұсылмандарға деструктивті әсері және сектаның халықаралық терроризммен байланысы, жалпы алғанда «Таблиғи жамағат» және «Йакын Инкар» ДЭҚ-ның қауіптілігі мен қызметі туралы келтірілді.

        «Диаспора өкілдері ұлттық дәстүрлерді сақтайды, Қазақстан халқының рухани-адамгершілік құндылықтарын құрметтейді, құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік танытады. Диаспораның түрлі кездесулері немесе жиналыстары кезінде деструктивті діни ағымдар идеологиясының теріс мәні мен таратылмауы туралы хабардар етіледі. Жерлестермен және диаспора мүшелерімен әңгімелесу және кездесулер кезінде Д.Верхотуровтың кітабында баяндалған дәлелдерді түсіндіреміз, онда «ДжамаатТаблиги» сектасының мәні егжей-тегжейлі түсіндіріледі», - дейді «Асаба» ЭМБ мүшесі                             К. Беделбеков.

        Ұйымдастырушылар профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын атап көрсетеді: мұндай кездесулердің мақсаты – халықты деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартудан сақтандыру мен қолжетімді және сенімді ақпаратты жеткізу. Кездесуді «Социум&Я» ҚБ ұйымдастырды.