Кездесу Адалдық аланы

Кездесу Адалдық аланы

             2022 жылғы 25 сәуірде «Қостанай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі алаңында дөңгелек үстел форматында әдеп жөніндегі уәкіл К.Ж. Сүйіндіков дін істері жөніндегі басқармасымен және «Қоғамдық келісім» КММ-мен бірлесіп, облыс әкімі аппаратының, облыстық басқармалардың қызметшілері діни бірлестіктер мен этномәдени орталықтардың өкілдерімен (26 адам) кездесу өткізді.

             Кездесуге қатысушылар: Ерматов Абдуқахар Садықұлы Қазақстан ҚМДБ облыстық мешітінің наиб-имамы, Қостанай және Рудный Епархиясының ОПШ протоиерейі Клеба Виталий Павлович, «Дуслык» татар-башқұрт этномәдени орталығы» ҚБ басшысы Бектемиров Ринат Вальтаевич, «Еврей этномәдени орталығы» ҚБ басшысы Чашков Вадим Николаевич.

             Іс-шара барысында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылықты қалыптастыру мәселелері талқыланды. Модератор К. Сюиндиков сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы тұжырымдамалық өзгерістер және жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмысындағы және парасаттылықты қалыптастырудағы басым бағыттар туралы хабардар етті.

             Діни бірлестіктердің, этномәдени орталықтардың өкілдері зайырлы заңдардың, діни канондар мен постулаттардың, жалпыадамзаттық құндылықтар мен моральдық-этикалық нормалардың сақталуы туралы өз пікірлерін білдірді.

             Спикерлер заң алдында барлығы тең екенін бірауыздан айты. Адам үшін негізгі профилактикалық, тежеуші фактор - өсиеттерді сақтау, ар-ождан, қоғамдық айыптау және тәрбиелеу болып табылады. Егер бұл негіздер салынбаған болса, онда ешқандай толық бақылау көмектеспейді, оның ішінде өте заманауи бақылау құралдарын қолдану арқылы болса да.

             Облыс әкімінің кеңесшісі А.М. Альжанова 2021 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық үшін сотталған 13 мемлекеттік қызметші туралы хабардар етті.

             Облыстық білім басқармасының өкілі, спикер Ибраева А.Е. отбасылық және мектептегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің үздіксіздігі туралы пікір білдірді.