Қостанай облысының діни бірлестіктерінің көшбасшыларымен дөңгелек үстел

Қостанай облысының діни бірлестіктерінің көшбасшыларымен дөңгелек үстел

Қостанай облысының діни бірлестіктерінің көшбасшыларымен дөңгелек үстел

 

         2022 жылғы 5 сәуірде Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жжндегі басқармасы Достық үйінде облыс әкімінің орынбасары Б.А. Есімованың төрағалығымен «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы контекстінде діни бірлестіктердің азаматтардың рухани-адамгершілік дамуындағы рөлі» тақырыбында аймақтық тіркелген діни бірлестіктер басшыларының, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

         Іс-шара барысында Мемлекет басшысының өз Жолдауында айтылған, жетілдіруді және жаңғыртуды талап ететін негізгі бағыттары, ҚР Президентінің жолдауы шеңберінде діни бірлестіктердің рухани-адамгершілік дамудағы рөлі, 2022 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезін өткізу мәселелері және діни қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.

         Облыс әкімінің орынбасары Б.А. Есімова а.ж. 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы аясында Қазақстан Республикасының Президенті қойған 10 негізгі бағыт пен міндеттердің маңыздылығы мен өзектілігін, мемлекет пен қоғам арасындағы саналы және сындарлы әріптестікті одан әрі дамыту қажеттілігін, сондай-ақ әрбір конфессияның діни қызмет саласындағы тұрақтылықты, келісімді және өзара іс-қимылды нығайтуға және азаматтардың рухани-адамгершілік дамуына қосқан үлесін атап өтті.

        Дін істері басқармасының басшысы Үмбетов Ж.Ж. ағымдағы жылдың 14-15 қыркүйегінде өтетін «Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі» атты әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті VII Съезінің күн тәртібі мен Мемлекет басшысының Жолдауының контекстінде азаматтардың, әсіресе жас ұрпақтың рухани құндылықтары мен адамгершілігін дамыту мәселесінің өзектілігін, өткізілетін съездердің әлемнің қоғамдары мен мемлекеттерінде өзара түсіністік пен құрмет мәдениетін қалыптастыруға қосқан елеулі үлесі атап өтті, сондай-ақ діни көшбасшыларға бірлескен жұмысы үшін алғысын білдірді.

        Өз кезегінде, діни бірлестіктердің өкілдері қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету, толеранттылықты нығайту мақсатында одан әрі сындарлы ынтымақтастық мәселелері, әр конфессияның қоғамның рухани-адамгершілік дамуындағы рөлі бойынша пікір алмасты.

        Іс-шара соңында қатысушыларға Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес дін саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсініктемелер берілді.

.