Қостанай облысына іс-сапармен Митрополит Александр келді

Қостанай облысына іс-сапармен Митрополит Александр келді

Қостанай облысына іс-сапармен
Митрополит Александр келді

 

 

         Ағымдағы жылғы 21-22 ақпан аралығында Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қостанай облысына іс-сапармен келді.

         Сапар шеңберінде митрополит Александр епархия храмдарында Құдайға құлшылық етті, жергілікті православие шіркеуінің дін өкілдерімен кездесулер өткізді, сондай-ақ ағымдағы жылғы 22 ақпанда Қостанай облысындағы діни өмірдің өзекті мәселелерін талқылау үшін облыс әкімі А.Б. Мұхамбетовпен ресми кездесу өтті.

         Кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер, соның ішінде Қостанай және Рудный Епархиясының» қызметі және православиелік приходтар мен облыстың жергілікті атқарушы органдарының одан әрі ынтымақтастығы, сондай-ақ православиелік объектілердің құрылыс барысы туралы мәселелер талқыланды.