Басқарма басшысы «Қостанай облысында дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы» тақырыбындағы брифингке қатысты

Басқарма  басшысы «Қостанай облысында дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы» тақырыбындағы брифингке қатысты

2021 жылғы 21 қазанда Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанболат Жұмабайұлы Үмбетовтың «Қостанай облысында дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы» тақырыбында брифингі өтті.

Брифинг барысында Қостанай облысының аумағында дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, діни қызмет саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді орындау мәселелері, сондай-ақ өңірдегі діни ахуалдың ағымдағы жағдайы мен даму үрдістері қамтылды.