Меню
Страницы
Деятельность
Контакты
Документы
Пресс-центр
Об управлении
Онлайн-приемная
gov@nitec.kz

Дін істері басқармасы басшысының Рухани келісім күнімен құттықтауы

Дін істері басқармасы басшысының Рухани келісім күнімен құттықтауы

Құрметті қостанайлықтар!

18 қазан күні Қазақстанда Рухани келісім күні атап өтіледі. Ұлтына және дініне, жынысы мен нәсіліне, жасы мен нанымына қарамастан, біздің қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін бәрімізді біріктіретін бұл бірлік пен келісім мерекесі. Кез келген мемлекеттің табысты дамуының негізіне бейбітшілік пен келісім жатады.

Біздің еліміз ең ірі әлемдік діндер - ислам, христиан және буддизм арасындағы табиғи шекара болып табылады. Ғасырлар бойы мұнда түрлі халықтар мен этностардың өкілдері бірге тұрып, еңбек етті. Мұнда өзара байытуға және гүлденуге ықпал ететін берік мәдени және шаруашылық байланыстар қалыптасқан.

Көптеген ғасырлар бойы әртүрлі этностар мен конфессиялардың рухани мұрасымен байытылған халқымыз толеранттылық, дінге төзімділік және жаңаны қабылдауға ашықтық сияқты қасиеттерді бойына сіңірді.  Мемлекеттің тиімді саясатының, конфессиялар көшбасшыларының, ұлттық орталықтардың беделді өкілдерінің жеке ұстанымының арқасында қазақстандықтар ұлтаралық жанжалдар мен діни текетіреске орын жоқ нақты азаматтық ұстанымды қалыптастырды. Елде ой, ар-ождан, дін және сенім бостандығы үшін жағдайлар жасалған.

Бүгінде біздің облыста 10 конфессияны білдіретін 105 діни бірлестік тіркелген. Олар мейірімділік пен қайырымдылықты насихаттайды, жастарға адамгершілік тәрбие беру үшін көп күш жұмсайды. Осының арқасында аймақта діни факторға байланысты ашық қақтығыстар мен терең қайшылықтар жоқ.

Құрметті жерлестер! Осы жарқын мерекеде баршаңызға зор денсаулық, жақсылық және амандық тілеймін! Әр отбасында және біздің ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен тыныштық болсын.

 

Дата публикации
18 октября 2021
Направления деятельности
Популярные новости
Алгоритм соблюдения санитарно-дезинфекционного режима на религиозных объектах
Алгоритм соблюдения санитарно-дезинфекционного режима на религиозных объектах
В марте-мае т.г. членами областной информационно-разъяснительной группы по вопросам религии проведен ряд мероприятий в городах и районах Костанайской области
В марте-мае т.г. членами областной информационно-разъяснительной группы по вопросам религии проведен ряд мероприятий в городах и районах Костанайской области
ИРГ
Социальные медиа
facebook
Меню подвал
Законодательство
Открытое Правительство
Структура Правительства РК
Сайт Парламента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Президента РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Цели устойчивого развития