ҮЕҰ өкілдерімен кездесу

ҮЕҰ өкілдерімен кездесу

2021 жылғы 17 маусымда облыс әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанболат Жұмабайұлы Үмбетов дін саласындағы қызметті жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдармен кездесу өткізді.

          Кездесу басқарма басшысының 2021 жылға арналған азаматтық сектор өкілдерімен тұрақты кездесулерінің бекітілген кестесі шеңберінде өтті.

          Іс-шараға «Қостанай облысы психологтарының қауымдастығы» ҚҚ төрағасы Калюжная Юлия Амантаевна, «Социум&Я» ҚБ өкілдері Анненков Егор Анатольевич және Дуйсеков Абай Хасенович қатысты.

Кездесудің мақсаты - ҮЕҰ-мен ведомствоаралық деңгейде өзара іс-қимылды нығайту, ҮЕҰ-ны қолдаудың мемлекеттік тетіктері шеңберінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру сапасын арттыру, бейінді салада мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру процесінде туындайтын өзекті проблемаларды шешу және т. б.

          Кездесу барысында шектеу шаралары жағдайында жобаларды іске асыру бойынша өзекті мәселелер, нысаналы индикаторлардың уақтылы және сапалы орындалуына, іс-шараларды өткізу мерзімдеріне, спикерлердің қатысуына, индикаторлардың орындалмауының ықтимал тәуекелдеріне, есептілікті ұсынуға және т.б. қатысты ағымдағы мәселелер талқыланды.

«Социум&Я» ҚБ өкілдері алдағы жылы 3 жылдық жобаны жасасу мүмкіндігін қарау туралы ұсыныс білдірді, сондай-ақ конкурстық рәсімдер барысында туындауы мүмкін тәуекелдер (жосықсыз өнім берушілердің қатысуы және т.б.) атап өтілді.

Ю.А. Калюжная деструктивті діни ағымдардың қызметінен зардап шеккендерді оңалту саласында оң жұмыс тәжірибесімен алмасу үшін басқа өңірлердің ұқсас орталықтарында (Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және т.б.) тағылымдамалар ұйымдастыру, сондай-ақ түрлі оқыту курстарына қатысу мәселелерін талқылауға шығарды.

Жалпы, дін саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жыл сайын «Социум&Я» ҚБ және «Қостанай облысы психологтарының қауымдастығы» ҚҚ іске асыратын «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру» және «Деструктивті діни ағымдардың әсерінен зардап шеккендерге көмек орталығының қызметін ұйымдастыру» екі әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырылады.

          Жобаларды іске асыру діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралуының алдын алуға, халықтың діни сауаттылығын арттыруға, деструктивті діни ұйымдардың қызметінен зардап шеккен адамдарға уақтылы және сапалы кеңестік, психологиялық, заңгерлік көмек көрсетуге бағытталған.

Кездесу қорытындысы бойынша ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылдың белгілі бір оң тәжірибесі әзірленді, бұл алдағы уақытта іске асырылып жатқан әлеуметтік маңызы бар жобалардың тиімділігін арттыру және облыстың үкіметтік емес ұйымдарымен жемісті өзара ынтымақтастық үшін қажетті шараларды жедел қабылдауға мүмкіндік береді.

Мұндай кездесулер бекітілген кестеге сәйкес тұрақты негізде өткізіледі.