Дінтану мұғалімдеріне оқыту семинары

Дінтану мұғалімдеріне оқыту семинары

Ү.ж. 31 мамырда «Социум & Я» ҚБ «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру» жобасы бойынша «Конфессияаралық келісім және зайырлы қағидаттарды дамыту» тақырыбында өңірдің дінтану мұғалімдеріне онлайн форматта оқыту семинары ұйымдастырылды («ZOOM» қосымшасы арқылы).

Спикер ретінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жаттықтырушысы   K.T. Ибрагимов шақырылды.

Іс-шараға өңірдегі жалпы білім беретін мектептердің дінтану пәнінің мұғалімдері, барлығы 100 адам қатысты.

Іс-шара барысында Қ.Ибрагимов тыңдаушыларға дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын түсіндіріп, білім беру жүйесіндегі зайырлылықтың негізгі қағидаттарын түсіндіріп, оқушы ортадағы діни экстремизмге қарсы іс-қимылдың негізгі практикалық аспектілерін жеткізді, сондай-ақ жастарды тартудың технологияларын ашып көрсетті.

Семинар қорытындысы бойынша дінтану пәнінің мұғалімдеріне оқу үдерісінде пайдалану және оқу ұйымдарында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру үшін үлестіру материалдары жіберілді.