Әкім облысы А. Мұхамбетов қостанайлықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Әкім облысы А. Мұхамбетов қостанайлықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

                                           Қымбатты қостанайлықтар!
    Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Рамазан – сабыр мен төзім, береке мен бірлік, мейірім мен шапағат айы. Осынау қасиетті айдың аяқталуына орай аталып өтілетін айт мерекесі халқымыз үшін діни ғұрып ғана емес, ұлттық дәстүрімізбен біте қайнасып кеткен мейрам. Ол адамдарды бауырмалдыққа, кешірімді болуға және төзімділікке, қонақжай халқымызды жақсылыққа, қайырлы іс жасауға, мұқтаж жандарға қол ұшын беруге ниеттейді.
      Өкінішке орай, биылғы Рамазан айы да карантин жағдайында өткенін жақсы білесіздер. Қауіпсіздік шараларын толық орындап, індеттің кең таралмауына қарсы қабылданған шектеулер мен ортақ ережеге сабырлық танытып, түсіністікпен қарағандарыңыз үшін алғысымды айтамын.
                                           Құрметті жерлестер!
       Осы уақытта жасаған қайырым, дұға-тілектер қабыл болып, қасиетті мереке әрбір азаматқа, әрбір отбасына амандық, бақыт, ырыс-құт әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
        Ораза айт қабыл болсын!