Қостанай облысында «Министрлік күні»

Қостанай облысында «Министрлік күні»

Ағымдағы жылғы ақпанда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық қоғам, дін және конфессияаралық келісім саласын дамыту мақсатында Қостанай облысында «Министрлік күні» іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шара шеңберінде Министрлік жетекшілік ететін өзекті мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өңір жұртшылығы өкілдерінің қатысуымен онлайн режимінде Стратегиялық сессиялар, тренингтер, дискуссиялық және дөңгелек үстелдер өткізілді.

Панельдік сессиялар шеңберінде дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша семинар өткізілді, оның барысында дін істері басқармасының 2020 жылғы жұмыс қорытындылары шығарылып, дін істері комитеті өкілдерінің қатысуымен ағымдағы жылға арналған жоспарлар талқыланды.