Облыс әкімі қостанайлықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Облыс әкімі қостанайлықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Құрметті қостанайлықтар!

Сіздерді Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл қайырымдылық пен мейрімділік  мерекесі, ол миллиондаған адамдарға қуаныш сыйлайды, оларды адамгершілік және рухани құндылықтар төңірегінде біріктіреді.

Шынайы бірліктің, христиандық ізгіліктің айқын көрінісі аймақ тұрғындарының коронавирустық инфекцияның пандемиясымен күресу ісінде көрсеткен көмегі болды.

Православ шіркеуі отбасы институтын нығайтуға, жастарды тәрбиелеуге, ұлтаралық және конфессияаралық диалогты үйлестіруге әрдайым елеулі үлес қосады.

Бұл қызмет терең ризашылық пен құрметке лайық.

Өкінішке орай, пандемияға байланысты Рождестволық қызметтер сенушілердің жаппай қатысуынсыз өтеді. Бұл аурудан қорғану, денсаулық пен өмірді сақтау қажеттілігінен туындайды.

Құрметті жерлестер!

Жақындарымызға, өз халқымызға, өз елімізге деген сүйіспеншілік күшейіп, бәрімізді біріктірсін. Тек бірлікте ғана біз барлық қиындықтарды еңсеріп, қойылған мақсаттарға қол жеткізе аламыз.

Осы жарқын мерекеде Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, тыныштық тілеймін, барлық армандарыңыз бен тілектеріңіз орындалсын!

А. Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі