
2026 жылғы 10 тамызда Тобыл қаласындағы Қазан шіркеуінде «Тимонов оқулары» V халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция Қостанай жеріндегі приходтық өмірдің қайта жандануының 80 жылдығына арналды.
Қостанай және Рудный епархиясының шақыруымен Қостанай облысы Дін істері басқармасының басшысы құттықтау сөз сөйлеп, конференция жұмысына қатысты. Іс-шараға сондай-ақ дін қызметкерлері, ғылыми қауымдастық және қоғам өкілдері қатысты.
Конференция православие тарихын, рухани мұраны және Қостанай жеріндегі приходтық өмірдің даму ерекшеліктерін талқылауға арналған алаң болды.
Іс-шара барысында тарихи жадыны сақтау, өңірдің рухани мұрасын зерделеу және жинақталған тәжірибені келер ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы атап өтілді.