Жобалар бойынша қоғамдық тыңдаулар

Жобалар бойынша қоғамдық тыңдаулар

А.ж. 20 қарашада Қостанай облысы әкімдігінің дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөнінен іс-шараларын ұйымдастыру»  және «Жат пиғылды діни ағымдар қызметінен зардап шеккендерге көмек орталығы қызметін ұйымдастыру» жобалары бойынша онлайн форматта  қоғамдық тыңдаулар өтті. Іс-шараға мемлекеттік қызметтің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ дін мәселелері бойынша сарапшылар пулы қатысты. Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібінде жоғарыда аталған жобалардың индикаторларын орындау туралы мәселе қаралды.