Мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар

Мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар

Қостанай облысы әкімдігінің дін істері басқармасы мен «Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ бірлесіп департамент қызметкерлері, соттар әкімшілерінің басшылары және сот мамандары арасында семинар ұйымдастырылды.
          Семинарға спикер ретінде дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Д.Качеев қатысты.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге діни көзқарастарды күштеп таңуға жол бермеу, бағынысты қызметкерлерді діни бірлестіктер қызметіне тартуға мәжбүрлеудің алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуының профилактикасы мәселелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.