
2026 жылғы 20 мамырда «Жастар сарайында» «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында облыс әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы басшысы Б.С. Букеевтің төрағалығымен өңірдің діни конфессияларының жетекшілерімен кезекті кездесу өтті.
Іс-шараға прокуратура және полиция органдары, сонымен қатар облыс әкімдігінің білім басқармасы қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында құқықбұзушылықты алдын алу заңнамасын, ғибадат ғимараттарын терроризмге қарсы қорғау талаптары және балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру ережесін түсіндіру мәселелері талқыланды.