
2026 жылғы 19 ақпанда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Дін істері жөніндегі басқарманың бастамашылығымен облыстық прокуратура өкілі Н.Т.Халықтың қатысуымен қалалар/аудандар әкімдіктері ішкі саясат бөлімдерінің басшыларымен онлайн-кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында діни қызмет саласында жүргізілген тексеру шаралары қорытындылары қозғалды, анықталған проблемалық мәселелер, заңнаманың сақталуы мен қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті сақтау шаралары талқыланды.
Мұндай кездесулер ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға, өңірде діни қызмет саласындағы заңнама бұзылуын алдын алуға және заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған.