Діни саладағы алдын алу мәселелері бойынша семинар

Діни саладағы алдын алу мәселелері бойынша семинар

  2026 жылдың 18 ақпанында Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Діни проблемаларды зерттеу орталығы» КММ «Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының методологиялық аспектілері» тақырыбына қалалық/аудандық ішкі саясат бөлімдері қызметкерлері, өңірдегі ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелері, мектеп директорлары, ЖОО, колледждер, ҚХА, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері үшін онлайн және оффлайн форматта семинар ұйымдастырылды.  

  Іс - шара аясында шақырылған спикер – Л.Гумилев атындағы ЕҰУ дінтанушысы, PhD доктор Т.В. Мустафина Т.В. (республикалық АТТ мүшесі) өзінің сараптамалық пікірімен және практикалық ұсыныстарымен бөлісті. Өз сөзінде ол жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы бойынша жұмыстың тиімді әдістемелерін ұсынды.

   Семинарға қатысушылар пікірінше, мұндай білім беру бастамалары АТТ мүшелерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын нығайтуға және профилактика мәселелеріне кешенді көзқарасты қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Шара аясында «Діни проблемаларды зерттеу орталығы» қызметкерлері семинарға қатысушыларға «Ұшқын жасағы» профилактикалық жастар жобасы таныстырылды (театрланған форматта), сондай-ақ, дін саласындағы жобаларды іске асыру шеңберінде ішкі саясат бөлімдерінің үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынасы, ЖОО мен колледждерде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.