Дебаттық сайыс

Дебаттық сайыс

17 қазанда «Діни мәселелерді зерттеу орталығы» КММ Қостанай қаласының оқушы жастары арасында «Зайырлылық – қазақстандық қоғамның рухани дамуының кепілі» тақырыбында дебаттық турнир ұйымдастырып, өткізді. Іс-шараға  сегіз команда қатысты.

Аталған іс-шара студент жастардың діни-құқықтық сауаттылығын арттыруға, конфессияаралық келісімді, толеранттылықты және Қазақстан халқының рухани-адамгершілік құндылықтарын насихаттауға, жастар арасында деструктивті діни идеялардың таралуының алдын алуға бағытталған. Іс-шара барысында қатысушылар мемлекеттік саясат және дін саласындағы заңнаманың негіздері туралы білімдерін көрсетті.

Дебат турнирінің жеңімпаз командалары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.