БАСПАСӨЗ - РЕЛИЗ

БАСПАСӨЗ - РЕЛИЗ

2025 жылдың 26 қарашасында Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасымен дін саласындағы өңірлік сарапшылар мен журналистер пулы мүшелерімен іс-шаралар өткізілді.

          Шараға сарапшылар мен журналистер пулының, сондай-ақ діни мәселелер бойынша облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысты.

         Кеңес барысында «өңірлік сарапшылар пулы» мүшелерінің профилактикалық және қарсы насихаттау материалдарын жариялау және ілгерілету мәселелері, әлеуметтік желідегі жұмыс формасын жетілдіру, «Өңірдегі діни ахуалды талдау: үрдістер мен болжам» тақырыбындағы әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында және өңірдің БАҚ интернет-ресурстары алаңдарында конфессияаралық келісім діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған материалдарды жариялау және ілгерілету бойынша «журналистер пулының» жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.