Этномәдени бірлестік өкілдерімен профилактикалық жұмыс

Этномәдени бірлестік өкілдерімен профилактикалық жұмыс

2025 жылғы 21 қарашада этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі ведомствоаралық жоспар шеңберінде қазақстандық қоғам құндылықтарын насихаттауға және өңірдің этномәдени бірлестіктері өкілдерінің арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараға «Бірлік» әзербайжан қауымдастығының» өкілдері мен мүшелері қатысты.

Облыстық АТТ мүшесі А.Н.Жиеналин «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында сөз сөйледі.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар интернетте және әлеуметтік желілерде діни білім алудың, радикалды материалдарды жариялаудың және орналастырудың, тыйым салынған интернет-ресурстарға кірудің қауіптілігі туралы хабардар етілді.