
2025 жылғы 20 қарашада облыстық «Достық үйінде» («Қоғамдық келісім» КММ ғимараты) өңірдің діни конфессияларының жетекшілерімен кездесу өтті.
Іс-шараға Дін істері жөніндегі басқарма өкілдері және облыста тіркелген діни бірлестіктер жетекшілері мен өкілдері қатысты.
Шара барысында ҚР Президентінің жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары жеткізілді, жаңа технологиялық дәуірдің басталуы жағдайында этикалық нормаларды сақтау, дін саласында жасанды интеллектті пайдалану және дамыту, мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара іс-қимылы, қоғамдағы рухани келісім мен толеранттылық мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, діни бірлестіктердің өкілдері облыстық ҚХА мен «Қоғамдық келісім»» КММ қызметі туралы хабардар етілді, өңірдің этномәдени бірлестіктерінің кабинеттерін аралап, халықтың ұлттық ерекшелігін құрайтын олардың ұлттық мәдениетімен танысты.