Дін мәселелері бойынша АТТ мүшелеріне арналған семинар

Дін мәселелері бойынша АТТ мүшелеріне арналған семинар

2025 жылдың 20 қарашасында Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Діни проблемаларды зерттеу орталығы» КММ дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтары (АТТ) мүшелері мен қала/аудан әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдері басшылары үшін семинар өткізілді.

Семинар барысында «Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының» индикаторларына қол жеткізу бойынша 2025 жылғы жұмыстың алдын ала қорытындылары шығарылды, сондай-ақ 2026 жылға арналған негізгі міндеттер айқындалды.

Ішкі саясат бөлімдерінің басшылары ағымдағы жылғы «Қостанай облысындағы діни ахуалды талдау: үрдістер мен болжам» социологиялық зерттеуінің қорытындыларымен танысты.

Іс-шара соңында облыстық АТТ жұмысының қорытындысы шығарылды. 2025 жылдың он бір айында жоспарланған 185 шара бойынша облыстық АТТ мүшелері 251 іс-шара өткізді. АТТ мүшелері өңірдің барлық қалалары мен аудандарында, оның ішінде ауылдық округтерде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Халықтың нысаналы топтарымен ақпараттық-түсіндіру қызметіне белсенді қатысқан бірқатар АТТ мүшелері алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.