Пресс-релиз

Пресс-релиз

Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің базасында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде теологиялық оңалту жұмысын жүзеге асыратын мамандардың біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – теологиялық оңалту жұмысын жүргізетін қызметкерлердің кәсіби құзыреттерін нығайту және түрлі ұйымдар мамандары арасында тәжірибе алмасу.

Семинарға қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде теологиялық оңалту жұмысына тартылған қызметкерлер, сондай-ақ мекеме психологтары қатысты.

Спикерлер ретінде Қостанай облысы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқармасының қызметкерлері және «Діни мәселелерді зерттеу орталығы» КММ мамандары дәрістер мен практикалық материалдар ұсынды. Сонымен қатар келесі тақырыптар қамтылды:

  • «Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру қағидалары: нормативтер және іске асыру тәжірибесі»;
  • «Дерадикализация әдістері».

Семинар барысында қатысушылар оңалту іс-шараларын жүзеге асырудың өзекті тәсілдерін, сотталғандармен жұмыстың заманауи әдістерін, ведомствоаралық өзара іс-қимылды және діни экстремизмнің алдын алудың тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады.

Іс-шара мазмұнды әрі конструктивті жағдайда өтіп, мамандардың кәсіби білімін кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және салалық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.