Рухани келісім күні

Рухани келісім күні

Құрметті қостанайлықтар!

18 қазан күні Қазақстанда Рухани келісім күні атап өтіледі. Ұлтына және дініне, жынысы мен нәсіліне, жасы мен нанымына қарамастан, біздің қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін бәрімізді біріктіретін бұл бірлік пен келісім мерекесі. Кез келген мемлекеттің табысты дамуының негізіне бейбітшілік пен келісім жатады.

Қазақстанда тату көршілік пен рухани бірлікте 3,5 мыңнан астам діни ұйымдарды біріктіретін 18 конфессияның өкілдері тұрады. Мемлекеттік саясаттың маңызды қағидаттарының бірі азаматтардың діни сезімдеріне құрметпен және ұқыпты қарау болып табылады. Біздің елде діндарлардың дінді еркін ұстануға, өз этносының мәдениеті мен әдет-ғұрпын дамытуға мүмкіндіктері бар.

Әлем дабылдар мен қауіп-қатерлерге толы жағдайда мемлекет, діни бірлестіктер мен азаматтық қоғам конфессияаралық диалогты және жалпы адамзаттық рухани құндылықтарды тиімді дамыту жөніндегі белгіленген бағытты сақтау және жалғастыру үшін біртұтас болуға тиіс.

Бүгінгі күні біздің облысымызда мейірімділік пен қайырымдылықты насихаттайтын, жастарға адамгершілік тәрбие беру үшін көп күш-жігер жұмсайтын 110 діни бірлестікті бар.

Өкінішке орай, коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты ұжымдық сипаттағы барлық іс-шаралар, соның ішінде діни шаралар шектетілді. Бұл, ең алдымен, азаматтарымызды аурудан қорғау, олардың денсаулығы мен өмірін сақтау қажеттілігінен туындайды.

Барлық карантиндік шараларды сақтай отырып, келушілердің денсаулығын сақтау үшін күш-жігер жұмсап, қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қараған біздің аймақтың діни ұйымдарына ерекше алғысымызды білдіреміз. Тек серіктестік арқылы пандемиядан кейінгі уақытта жетістікке жетуге болады.

Осы жарқын мерекеде баршаңызға зор денсаулық, жақсылық және амандық тілеймін! Әр отбасында және біздің ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен тыныштық болсын.

 

 Дін істері жөніндегі

 басқарма басшысы                       Жанболат Жұмабайұлы Үмбетов