Діни бірлестіктер өкілдері арасында волейболдан турнир

Діни бірлестіктер өкілдері арасында  волейболдан турнир

2025 жылдың 18 қазанында Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен діни бірлестіктер көшбасшыларының клубы аясында Республика күніне және Рухани келісім күніне арналған өңірдің діни бірлестіктері арасында волейболдан турнир «Социум & Я» ҚБ ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты: спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, конфессияаралық және қоғамдық келісімді, қазақстандық бірегейлікті нығайту, сондай-ақ толеранттықты дамыту.

Турнирге ҚМДБ облыстық филиалы, Рудный қалалық «Нұр» мешіті, «Қостанай және Рудный епархиясы», «Константин-Еленин соборы», «Церковь Жатвы» ДБ және «Діни проблемаларды зерттеу орталығы» КММ командалары қатысты.

 Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарды Рудный қалалық «Нұр» мешіті және «Қостанай және Рудный епархиясы» командалары иеленді. Турнир жүлдегерлері мен барлық қатысушылар грамоталар, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды. Спорттық іс-шара соңында қатысушылар өз әсерлелерімен бөлісіп, жарыстың ұйымдастырылуы үшін алғыстарын білдірді.