Тәжірибе алмасу жөнінде

Тәжірибе алмасу жөнінде

         Ағымдағы жылдың 9-10 қазаны аралығында дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру аясында  жұмыс тәжірибесімен алмасу және зерделеу мақсатында Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы мен Діни проблемаларды зерттеу орталығы қызметкерлері «Астана қаласының дін істері басқармасы» ММ қызметтік іссапарда болды.

          Іссапар аясында «Астана қаласының дін істері басқармасы» ММ, «Діндерді зерттеу орталығы» КММ және «Qamqor-Astana» ҚҚ барып, аталған мемлекеттік органдар мен қоғамдық қордың қызметтерімен танысылды және пікір алмасылды, атап айтқанда ақпараттық-түсіндіру,  профилактикалық, қарсы насихаттау және оңалту жұмыстарын ұйымдасттыру және жүргізу, сондай-ақ діни қызмет саласындағы құқық қолдану, әсіресе әкімшілік практикасы мәселелері бойынша тәжірибе алмасылды.