БАСПАСӨЗ - РЕЛИЗ

БАСПАСӨЗ - РЕЛИЗ

 2025 жылғы 8 қазанда Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сапарғали Әкімбекұлы Абдиевтің «Қостанай облысында дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы» тақырыбында брифингі өтті.

  Брифинг барысында Қостанай облысының аумағында дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, діни қызмет саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді орындау мәселелері, сондай-ақ өңірдегі діни ахуалдың ағымдағы жағдайы мен даму үрдістері қамтылды.