Діни бірлестіктер өкілдері арасында үстел теннисінен турнир

Діни бірлестіктер өкілдері арасында үстел теннисінен турнир

2025 жылдың 29 тамызында Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы және «Социум & Я» ҚБ қолдауымен  діни бірлестіктер көшбасшыларының клубы аясында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған өңірдің діни бірлестіктері өкілдері арасында үстел теннисінен турнир ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты: конфессияаралық және қоғамдық келісімді, қазақстандық бірегейлікті нығайту, сондай-ақ спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау.

Турнирге ҚМДБ облыстық филиалы, «Қостанай және Рудный епархиясы», Қостанай қаласынан «Жетінші күн адвентистері», «Жатва шіркеуі» «Жаңа өмір», «Кришна санасы қоғамы», Лисаковск қаласынан «Жатва шіркеуі», «ХСЦ шіркеуі», «Жаңа завет» діни бірлестіктерінің
діни қызметшілері мен мүшелері қатысты.

 Жарыс қорытындысы бойынша жүлдерлі орындарды «Жаңа завет» және «Жатва шіркеуі» ДБ өкілдері иеленді. Турнир жүлдегерлері мен барлық қатысушылар грамоталар, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды. Спорттық іс-шара соңында қатысушылар өз әсерлелерімен бөлісіп, жарыстың ұйымдастырылуы үшін алғыстарын білдірді.