Өңірдің қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне арналған оқыту семинары

Өңірдің қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне арналған оқыту семинары

2025 жылғы 26 тамызда Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің базасында «Ел Ертеңі» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және Қостанай облысы әкімдігі дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Қостанай облысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы бойыншаіс-шараларды ұйымдастыру» жобасы аясында оқыту семинары өтті.

Семинарға Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі спикер ретінде қатысты. Іс-шараға теологтар, психологтар, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің теологиялық-реабилитациялық қызметке тартылған қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында террористік және экстремистік қылмыстар үшін сотталғандарды дерадикализациялау мәселелеріне баса назар аударылды. Спикер психологиялық қолдауды, сыни ойлау қабілетін қалыптастыруды және деструктивті көзқарастарды өзгертуге бағытталған мазмұнды әңгімелер өткізуді қамтитын кешенді тәсілдің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, теологтардан бастап ҚАЖ қызметкерлеріне дейінгі әртүрлі саланың мамандары арасындағы өзара тиімді әрекеттесу тетіктері талқыланды. Мұндай ведомствоаралық формат реабилитациялық жұмыстың нәтижелілігі мен жүйелілігін арттыруға, сондай-ақ сотталғандардың деструктивті ағымдарға қайта тартылу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.

Осы секілді іс-шараларды өткізу қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі профилактикалық және тәрбиелік жұмысты нығайтуға ықпал етеді және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды элементі болып табылады.