2025 жылдың 26 тамызында Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасымен дін саласындағы журналистер пулының жұмыс кеңесі өтті.
Кеңеске Басқарманың және «Діни проблемаларды зерттеу орталығы» КММ қызметкерлері, өңірлік журналистер пулы мүшелері қатысты.
Кеңес барысында өңірдің бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-кеңістігі алаңдарында конфессияаралық келісім және діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған материалдарды әзірлеу, жариялау және ілгерілету бойынша «журналистер пулының» жұмыстарын одан әрі жандандыру мәселелері талқыланды.