2025 жылдың 22 тамызында «Діни қатынастар және конфессияаралық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік жоба аясында «Социум & Я» ҚҚ (Қостанай қаласы) өңірдің этномәдени бірлестіктерінің өкілдері арасында қазақстан қоғам құндылықтарын сіңіруге, діни экстремизм мен терроризмді алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізілді.
Шараға өзбек этномәдени бірлестігі, «Асаба» қырғыз және «Шарк» тәжік-өзбек этномәдени орталықтары жетекшілері мен өкілдері қатысты.
Спикер ретінде теолог Ә.Б. Нұғыманов «Діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы» тақырыбында сөз сөйледі.
Сонымен қатар кездесуге қатысушылар интернетте және әлеуметтік желілерде діни білім алудың, сондай-ақ радикалды материалдарды орнасластырудың, тыйым салынған интернет-ресурстарға кірудің қауіптілігі туралы хабардар етілді.