2025 жылғы 5 шілдеде Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының бастамасымен «Қостанай облысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы бойынша іс-шараларды ұйымдастыру» жобасы аясында ҚАЖК-нің «№ 38 мекемесінде» жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін Астана күніне арналған музыкалық концерт өтті.
Іс-шараның мақсаты - сотталғандар арасында дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтар мен төзімділікті нығайту, сондай-ақ оларда діни экстремизм мен терроризмге тұрақты иммунитетті қалыптастыру.
Концерттік бағдарламаны Қостанай қаласының «Мирас» мәдениет үйінің әртістері өткізді.
Концерттік бағдарламалар аясында заманауи өнер және фольклорлық жанрдағы туындылар, сондай-ақ дәстүрлі әндер шырқалды: «Алға Қазақстан», «Достарым», «Сайгүлік», «Мерекем», «Есть только миг», «Батырлар үні», «Адай» күйі және т.б.
Іс-шара соңында сотталғандар мен колония басшылығы сөз сөйлеушілерге алғыстарын білдіріп, концертті ұйымдастырғаны үшін бастамашыларға алғыстарын білдірді.