Троицк қаласындағы бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференция

Троицк қаласындағы бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференция

2025 жылдың шілдесінде Қостанай облысының делегациясы облыстық әкімдіктің дін істері жөніндегі басқармасы басшысы Б.С. Бөкеев және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Жастар Ассамблеясы» РҚБ облыстағы өкілдігінің жетекшісі Р.Ж. Мырзағалиевтің құрамында Челябинск облысының Троицк қаласында өткен «Расулевские чтения: ислам в истории и современной жизни России» бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Шараның негізгі тақырыбы мемлекет, азаматтық қоғам институты және дәстүрлі ислам өкілдері арасындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту болды.

Сондай-ақ, конференцияда азаматтық қоғам мен мемлекет институттарын біріктіру қажеттілігі, радикалды экстремистік көріністермен күресу мәселелері талқыланды.