2025 жылғы 20 маусымда ҚР ІІМ Қостанай академиясы базасында Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы қолдауымен «Ел ертеңі» ЖОО ҚАЖ депаратменті түзеу мекемелерінің теологиялық-оңалту жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі инспекторлары мен психологтары үшін кезекті оқыту семинары ұйымдастырылды.
ІІМ Қостанай академиясының доценті М.С.Туйгановпен әзірленген семинардың тақырыптары – «Некоторые аспекты механизма убеждения в дерадикализации осужденных» и «Признаки сторонников радикальных идеологий».
Іс-шара барысында спикер семинарға қатысушыларға арнайы тәсілдерді түсіндіріп, экстремистік және террористік қылмыстар үшін сотталғандармен жеке және топтық жұмыстар жүргізу кезінде мақсаттар мен міндеттерді тұжырымдауға машықтандырды. Сотталғандарды теологиялық оңалту қорытындылары бойынша талдау жұмысы және қорытындылар дайындау мәселелері жеке көтерілді.