2025 жылдың 19 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары аясында ҚМДБ облыс бойынша өкілдігі имамдарымен кездесуі болды.
Кездесу кезінде Президент кеңесшісі Бурабай баурайында өткен Ұлттық Құрылтайдың IV отырысында айтылған негізгі идеологемаларды түсіндірді, заңдылық пен тәртіп, тәуелсіздік пен отансүйгіштік, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, еңбекқорлық пен кәсібилік, шығармашылық пен жаңашылдық сияқты құндылықтарға негізделген жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруға бағытталған «Әділетті Қазақстанның» идеологиялық тұғырнамасы талқылады, сонымен қатар Мүфтияттың облыстық филиалының қызметімен танысты.