2025 жылғы 17 маусымда Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Социум & Я» Қоғамдық бірлестігімен (Қостанай қ.) «Діни қатынастар және конфессияаралық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде Қостанай облысының жастар бірлестіктерімен қазақстандық қоғамның құндылықтарын сіңіруге және қазақстандық бірегейлікті нығайтуға бағытталған кездесу ұйымдастырылды.
Спикер ретінде ҚХА және дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Р. Ж. Мырзағалиев сөз сөйледі.
Кездесу барысында жастар ұйымдары мен бастамашыл топтар Қазақстанның мәдени мұрасының, дәстүрлерінің, құндылықтары мен өз елі тарихының маңыздылығын белсенді талқылады. Ұрпақтарды құрметтеуге және сабақтастыққа, сондай-ақ жастар арасындағы қазақстандық бірегейлікті қолдау мен дамытуға басты назар аударылды.
Қатысушылар бейбіт қатар өмір сүру, толеранттылық және әртүрлі діни және мәдени дәстүрлерді құрметтеу туралы өз көзқарастары мен идеяларымен белсенді түрде бөлісті.