Бүгін, 4 маусым-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні.
1992 жылы 4 маусымда Қазақстанның мемлекеттік рәміздері бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.
Мемлекеттік рәміздер - Көк Ту, Елтаңба және Әнұран, мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілер.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусымда Қазақстанда мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға жоғары мәртебе беріледі.