Облыстық және өңірлік АТТ мүшелеріне, педагог-психологтарға және теологтарға арналған оқыту семинары

Облыстық және өңірлік АТТ мүшелеріне, педагог-психологтарға және теологтарға арналған оқыту семинары

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің «Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында «Рухани жаңғыру» қоғамдық қоры
2025 жылдың 2 – 3 маусымында облыстық және өңірлік ақпараттық-түсіндіру топтары (бұдан әрі – АТТ) мүшелері және педагог-психологтары мен теологтары үшін оқыту семинары мен тренинг өткізді.

Семинардың мақсаты – АТТ мүшелерінің кәсіби даярлығын шыңдау, оларға халық арасында түсіндіру шараларын ұйымдастыру әдістері, мақсатты топтармен коммуникациялық байланыс, шешендік өнер, көпшілік алдында сөз сөйлеу тәсілдерімен таныстырып, тренингтер өткізу.

Шара барысында психолог Л.С.Шакимова мен педагогика және психология маманы М.С.Туйганов дәріс берді.

Спикерлер семинар мен тренингке қатысушыларды: «Жастар арас ында діни экстремизм мен терроризмді алдын алу», «ДДА адептерімен жұмыс жасауда психологтар қолданатын психологиялық түзету әдістері», «ДДА ұстанушыларымен жұмыстағы мотивациялық әңгіме», «Экстремизм профилактикасының құралы ретінде дәстүрлі құндылықтарды сіңіру технологиялары» тақырыптары бойынша хабардар етті.