Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері жөніндегі комитетінің жобасы аясында, дін істері жөніндегі басқарманың қолдауымен Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері (РАТТ) ағымдағы жылдың 26 – 30 мамыры аралығында Қостанай облысы халқының түрлі нысаналы топтарының арасында атаулы профилактикалық жұмыстарын өткізіп кетті.
Түсіндіру жұмыстарымен Қостанай қаласы, Алтынсарин, Жітіқара, Қамысты және Ұзынкөл аудандары қамтылды.
Кездесулер деструктивті діни ағымдар идеологиясына қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру бойынша бөлінген орталар/тәуекел топтар (жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, маргиналдар, аз қамтылғандар, жаттықтырушылар, спортшылар, ауыл тұрғындары, жастар) арасында «Деструктивті идеологияға қарсы төтеп беру дағдылары маңыздылығы», «Қоғамда дінтанулық сауаттылықтың маңыздылығы» , «Террористік, діни-экстремистік және деструктивті іс-әрекеттерге барудың қауіптілігі» тақырыптары аясында өткізілді.
Өткізілген іс-шаралар халықтың діни-құқықтық сауаттылығын арттыруға, деструктивті және радикалды діни идеологияға тұрақты иммунитетті қалыптастыруға ықпал ететін болады.
РАТТ іс-шараларымен жалпы қамту 400-ден астам қатысушыны құрады.