Ескертілгенің, демек қаруланғаның!

Ескертілгенің, демек қаруланғаның!

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ тапсырысы бойынша «Денсаулық жолы–1» Қоғамдық бірлестігі «Жыныстық жолмен берілетін аурулардың, АИТВ, ЖИТС және парентеральды вирустық гепатиттердің таралуының алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу» жобасын іске асыруға кірісті.

Жобаның мақсаты: ЖЖБИ, АИТВ-инфекциясының және парентеральды вирустық гепатиттердің пайда болуы мен алдын алу мәселелері бойынша, сондай-ақ ауруды анықтау және уақтылы емдеудің тиімділігі мен жауапты, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында медициналық көмекке уақтылы жүгінудің маңыздылығы жөнінде біздің облыс тұрғындарының, әсіресе жастардың хабардар болу деңгейін арттыру.