«Қостанай облыстық медициналық кезек күттірмейтін жедел жәрдем станциясы» КМК бас дәрігердің бос лауазымына орналасуға конкурс хабарландыру

«Қостанай облыстық медициналық кезек күттірмейтін жедел жәрдем станциясы» КМК бас дәрігердің бос лауазымына орналасуға конкурс хабарландыру

«Қостанай облыстық медициналық кезек күттірмейтін жедел жәрдем станциясы» КМК (бұдан әрі - Кәсіпорын) жанындағы Байқау кеңесі «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 149-бабы 1-тармағының екінші бөлігінің 1-1) тармақшасына сәйкес бас дәрігердің бос лауазымына  конкурс жариялайды.

Конкурсты өткізу күні: 2025 жылғы 08 қаңтардан 2025жылғы 22 қаңтарға дейін.

Конкурстың өтетін орны: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Быковский көшесі 4а, телефон: 8 (7142) 39-03-58

Кәсіпорынның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4а, телефон: 8 (7142) 39-03-58, электрондық пошта мекенжайы kost-103@mail.kz.

Негізгі қызметі: медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тіркелген халыққа алғашқы (дәрігерге дейінгі ) медициналық көмек көрсету, жедел медициналық және санитариялық авиациялық  көмек көрсету.

Бас дәрігердің негізгі лауазымдық міндеттері:

Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.

Ұйымның саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін анықтайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.

Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйымның қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.

Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне, санитарлық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуына жедел және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады.

Медициналық этика талаптарының, ұйым қызметіндегі, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді.

Қызметкерлерді қабылдауды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Шарттар жасасады, жеке және заңды тұлғалармен мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

- «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат); немесе  «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес және құқық»  немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм)дәрежесін дайындау; немесе «Бизнес, басқару және құқық»  даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм)дәрежесі;

- денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;

Білуі керек:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексін, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын,  "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген); қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілерін; денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздерін; ұйымның қызметін басқарудың экономикалық әдістері мен талдауын; медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын; денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелерін; халықтың денсаулық жағдайын сипаттайтын статистиканы, өлшемдер мен көрсеткіштерді; отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктерін,  денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибені ; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен нормаларды; төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыруды.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білім туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме немесе жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;

5) бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің м. а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығы туралы анықтамасы.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 2025 жылғы «08» қаңтар.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 2025 жылғы «22»  қаңтар.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар құжаттарды электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде ұсынады kost-103@mail.kz.

Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады.