Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Рудный қалалық емханасы» «Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы» ММ Байқау кеңесінің мүшесін коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға іріктеу бойынша конкурс жариялайды

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Рудный қалалық емханасы» «Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы» ММ Байқау кеңесінің мүшесін коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға іріктеу бойынша конкурс жариялайды

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Рудный қалалық емханасы» «Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы» ММ Байқау кеңесінің мүшесін коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға іріктеу бойынша конкурс жариялайды

         Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, мекенжай бойынша орналасқан: 110000. Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қ., 50 жыл қазан  к-сі 102А, телефоны: 8(71431)72957.

         Негізгі қызметі: денсаулықты сақтау саласындағы қызметтерді жүзеге асыру.

         Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау басталатын күн мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу хабарландыруы орналастырылған күннен бастап айқындалады.

         Кандидат мерзімді баспасөз басылымдарында конкурс өткізу жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде конкурсқа қатысуға өтінімді келесі мекенжай бойынша ұсынады: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қ. Быковский көшесі 4а, №309 кабинеті, телефон: 8 (7142) 390-519.

         Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:

         1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

         2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;

         3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.

         Мынадай:

         1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

          2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

         3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

         4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.

         Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдаудың басталу күні мерзімді баспасөз басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап, яғни 2023 жылғы 28 желтоқсаннан бастап айқындалады және конкурс өткізу жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткенге дейін, 2024 жылғы 26 қаңтарға дейін қолданылады.         Құжаттарды қабылдау мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң аяқталады.

         Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

         1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);

         2) қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

         3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);

         4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

         5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;

         6) Еңбек Кодекстің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;

         7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.

         Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.

         Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

Ішкі және сыртқы конверттер:

         1) "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" ММ, 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Быковский көшесі 4а, №309 кабинет мекенжайға жіберілуі керек;

         2) "Рудный қалалық емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы" және "2024 жылғы 26 қаңтарға дейін ашылмасын" деген сөздерді қамту керек.