Қостанай облысының медициналық мекемелеріне тіркелу туралы ақпарат

Қостанай облысының медициналық мекемелеріне тіркелу туралы ақпарат

МСЧ

15 қыркүйектен бастап жыл сайынғы тіркеу науқаны басталады. Облыс тұрғындарына өз таңдауы бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына (МСАК) тіркелу мүмкіндігі беріледі. Egov электрондық үкімет веб-порталында үйден шықпай-ақ тіркелуге болады. Рәсім үшін электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.

Сонымен қатар, барлық емханаларда өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді, бұйрықпен қажетті консультативтік және техникалық көмек көрсете алатын жауапты тұлғалар бекітілген.

Бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Алғашқы медициналық - санитарлық көмек көрсететін Қостанай облысының кез келген медициналық мекемесіне тіркелуге болады - Қостанай қаласында бұл 1,2,3,4 емханалар, жекеменшік емханалар: 5,6 емхана, Уромед ЖШС және ТЖ ауруханасы.

2022 жылғы 16 қазандағы тіркеу науқанының нәтижелері туралы деректер: Қостанай облысында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға барлығы 801 160 пациент тіркелген, тіркеу науқаны кезеңінде медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын пайдаланған пациенттер саны – 3787.

Тіркеу науқаны кезеңінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдарға тіркелген адамдар осы ұйымда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап алады.

Тіркеу науқаны 15 қарашаға дейін жалғасады.