Қостанай облысы бойынша 2023-2024 оқу жылына денсаулық сақтау саласындағы жергілікті бюджет есебінен резидентурада кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қостанай облысы бойынша 2023-2024 оқу жылына денсаулық сақтау саласындағы жергілікті бюджет есебінен резидентурада кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қостанай облысы бойынша 2023-2024 оқу жылына арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары арасында конкурс жарияланады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы келесіндей мамандықтар бойынша бекітілген:

Акушерия және гинекология ересектердің, балалардың (6 грант);

Анестезиология және реаниматология ересектердің, балалардың (6 грант);

Кардиология ересектердің, балалардың (6 грант);

Радиология (9 грант);

Онкология ересектердің (5 грант);

Психиатрия ересектердің, балалардың (4 грант);

Сот-медициналық сараптама (4 грант);

Фтизиатрия ересектердің, балалардың (5 грант);

Неврология ересектердің, балалардың (3 грант);

Педиатрия (2 грант);

Оториноларингология ересектердің, балалардың (2 грант);

Травматология-ортопедия ересектердің, балалардың (2 грант);

Физикалық медицина және реабилитация ересектердің, балалардың (2 грант);

Гематология ересектердің (2 грант);

Нейрохирургия ересектердің, балалардың (2 грант);

Гастроэнтерология ересектердің, балалардың (2 грант);

Эндокринология ересектердің, балалардың (1 грант);

Аллергология және иммунология ересектердің, балалардың (1 грант);

Неонатология (1 грант);

Офтальмология ересектердің, балалардың (1 грант);

Патологиялық анатомия (1 грант);

Нефрология ересектердің, балалардың (1 грант);

Ревматология ересектердің, балалардың (1 грант);

Жақ сүйек-бет хирургиясы ересектердің, балалардың (1 грант).

Білім беру ұйымдары, ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттары конкурста қатысу үшін «Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығының 1-қосымшасымен бекітілген Медицина кадрларын резидентурада даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына сәйкес келесі құжаттарды қамтитын конкурстық өтінім береді:

1) ереженің 2-қосымшасына сәйкес белгіленген үлгі бойынша өтініш;

2) ереженің 3-қосымшасына сәйкес белгіленген үлгі бойынша сауалнама;

3) ереженің 4-қосымшасына сәйкес белгіленген үлгі бойынша ақпараттық карта;

4) ереженің 5-қосымшасына сәйкес белгіленген үлгі бойынша тиісті оқу жылына резидентурада медициналық кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстар енгізіледі.

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, білім беру ұйымының бірінші басшысы қол қояды, мөрмен (бар болса) куәландырылады және қағаз және электрондық нұсқада тапсырылады.

Конкурстық құжаттама электрондық нұсқада 2023 жылдың 15 тамызы сағат 10:00-ден кешіктірілмей zh.iskakova@kostanay.gov.kz электронды мекенжайына жіберілуі тиіс.

Құжаттың қағаз нұсқасы "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" ММ, Қостанай қ., Быковский к-сі, 4а мекенжайы бойынша 311 каб. қабылданады.

Байланыс: 8 (7142) 39 05 17, 8 771 292 14 99 (WhatsApp) Искакова Жайнагүл