Бүгін Қостанай облысы әдеп жөніндегі уәкілі Балашов Фархад Ғиззатұлы басқарма қызметкерлерімен кездесті. Жиында мемлекеттік қызметкерлердің өзін-өзі ұстауы, адамдармен қарым-қатынасы мен сырт келбеті ережелері талқыланды. Денсаулық сақтау саласы қызметкерлері тұрғындармен тікелей қызмет ететіндіктен кері байланыс орнату маңыздылығы да айтылды. Бұдан бөлек, әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже жайында баяндама жасалды.