Қостанай жоғары медициналық колледжінің руднян бөлімшесінің бірінші түлектеріне диплом тапсыру

Қостанай жоғары медициналық колледжінің руднян бөлімшесінің бірінші түлектеріне диплом тапсыру
Қостанай медициналық колледжі республика бойынша көш бастап тұр! Бүгін 39 акушер өздерінің дипломдарын алды. Ал 30 маусымда Қостанай жоғары медициналық колледжінің Рудный бөлімшесінің алғашқы түлектеріне диплом табыстауға арналған салтанатты іс-шара өтті. 79 бітіруші мейірбике маманы атанды.
     Биылғы жыл медициналық колледж үшін нәтижелі болғанын атап өткен жөн.         Барлығы 515 түлек дипломдарын қолдарына алып, оның ішінде 22-сі үздік атанды, ал 135 студент мемлекеттік аттестаттаудан “өте жақсы" деген бағаға ие болды.
     Медициналық колледждің Рудный бөлімі тек 2020 жылы ашылды, алайда осы уақыт аралығында айтарлықтай жетістіктерге жетті. Естеріңізге салсақ, Қостанай облысында  орта медицина қызметкерлерінің тапшылығы бар. Бұл мәселені шешуде стратегиялық маңызды шешім қабылданып, Рудный бөлімшесі ашылды. Бұл ретте денсаулық сақтау вице-министрі, сол кезде облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Юрьевич Дудниктің қолдауы маңызды рөл атқарды. Оның қатысуы және жергілікті бюджеттен қаражат бөлу, сондай-ақ мемлекеттік тапсырысқа қатысу арқасында жоба жүзеге асты.       Медициналық колледж директоры Элмира Нуритдинқызы Низтаева өз естелігінде: "үлкен ұйымдастырушылық жұмыс жүргізілді, материалдық-техникалық базасы бар шешімдер қабылданды. Бізде кадрлар мәселесі және оқу бөлмелерінің жетіспеушілігі үлкен мәселе болды. Рудный қалалық ауруханасы студенттердің тәжірибесіне орын беру арқылы көмектесті және медицина қызметкерлерінің қатарын кәсіпқойлармен толықтыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасады" дейді.
     Қостанай медициналық колледжінің Рудный бөлімшесі - медицина мамандарын даярлаудың тиімді жүйесінің жарқын мысалы. Колледж теориялық білімді практикалық тәжірибемен үйлестіре отырып, студенттеріне ең жақсы білім беруді мақсат етеді. 
     Біз студенттеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз және Қостанай медициналық колледжі мен Рудный бөлімшесінің барлық дипломды мамандарын өмірлеріндегі осы маңызды кезеңге жетуімен шын жүректен құттықтаймыз. Оларға табысты мансап және кәсіби жолда бақыт тілейміз!