Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептерін анықтау және жою бойынша жұмыс

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептерін анықтау және жою бойынша жұмыс

Кеше Денсаулық сақтау басқармасында"AMANAT" партиясының Қостанай филиалының басшысы Бибігүл Аққужинаның төрағалығымен, "ГрИн" Қостанай облысының Азаматтық альянсв” ҚҚ төрағасы Динара Өтебаева мен "AMANAT" партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл кеңесі мүшелерінің қатысуымен жиын өтті. Онда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Данияр Жандаев атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және жоюға бағытталған ішкі талдау жүргізіледі. Қазіргі уақытта медициналық тауарларды мемлекеттік сатып алу үшін веб-портал әзірленуде, сондай-ақ цифрлық жабдық пен медициналық ақпараттық жүйе енгізілуде. Инсультті ерте анықтау үшін жасанды интеллектке негізделген бағдарламалық жасақтаманы енгізу маңызды қадам болып отыр.
Бұдан басқа, Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы ақпараттық жүйелерді біріктіреді. Телемедицина емдеу жоспарын үйлестіру және жетекші мамандармен кеңесу үшін қолданылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жобасы аясында жыл соңына дейін 500-ден астам міндет жоспарланған.
Сондай-ақ, басқарма қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар бойынша оқытудан өтеді, ал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептерін анықтау және жою бойынша жұмыс жалғасып таппақ.