Денсаулық сақтау ардагерлеріне - құрмет!

Денсаулық сақтау ардагерлеріне - құрмет!

2023 жылғы 22 маусымда "Senim" Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалында "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" ММ-мен бірлесіп медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Өңір ардагерлеріне лайықты марапаттар табысталды. "Senim" қоғамдық бірлестігінің төсбелгілері, құрмет грамоталары, алғыс хаттары және ақшалай сертификаттары ұсынылды. Бұл - медицина майталмандарының осы салаға қосқан үлестеріне ризашылықтың белгісі еді.
Әрбір қатысушыға ерекше көңіл бөлінді-Денсаулық сақтау басқармасының басшысы және Қостанай облыстық филиалының төрағасы қол қойған алғыс сөздермен толтырылған ашықхаттар табыс етілді. Сондай-ақ, ардагерлер өздерінің үлкен үлестері мен баға жетпес тәжірибесінің символына айналған "Денсаулық сақтау аңызы" деген жазуы бар жалау алды.

Денсаулық сақтау саласының майталмандарының құрметіне ақ дастархан жайылып, “SENIM” бірлестігінің төсбелгілері, құрмет грамоталары, алғыс хаттары табысталған күн!
Еліміздің денсаулық сақтау саласына үлес қосып жүрген әр медицина қызметкеріне алғысымыз шексіз!