Қауіпсіз мінез-құлық!

Қауіпсіз мінез-құлық!

«Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің бұйрығымен «Денсаулық жолы-1» ҚБ «Репродуктивті денсаулықты қорғау шараларын жүргізу» жобасын жүзеге асыруға кірісті. Дәрістер аудиторияға репродуктивті денсаулықты жасөспірімнен қорғау және қауіпті мінез-құлықтан аулақ болу керектігін түсіндіруге көмектеседі.

Жобаның мақсаты: Жасөспірімдік шақтан бастап жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың, АҚТҚ-ның, жоспарланбаған (ерте) жүктіліктің алдын алу арқылы қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыра отырып, ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын қорғау туралы халықтың хабардарлығын арттыру.